Күтпеген жағдай: «Барыс» қақпашымен келісімшартты бұзуы мүмкін
«Барыс» қақпашы Хантер Шепардпен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
«ҚХЛ трансферлері | ХОККЕЙ» Telegram-арнасының мәліметінше, америкалық қақпашы Хантер Шепард клубпен жасалған келісімшартының мерзімі аяқталмай тұрып Астанадан кетуі мүмкін.
30 жастағы америкалық «Барыс» сапына 2026 жылдың жазында қосылып, осы маусымның соңына дейін біржақты келісімшартқа қол қойған.
ҚХЛ-дағы 2026-27 жылғы тұрақты чемпионаттың басында Шепард тоғыз матч өткізіп, өз қақпасына 23 шайба жіберіп алды. Оның соққыларды қайтару көрсеткіші – 85,9 пайыз, ал сенімділік коэффициенті – 3,4.
«Нефтехимикті» ерік-жігер танытып жеңгеннен (5:4) кейін «Барыс» 12 ұпай жинады. Қазақстандық клуб Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде бесінші орында тұр. Михаил Кравец шәкірттері үшін кешегі жеңіс ҚХЛ-дағы қатарынан үш жеңілістен кейінгі алғашқы жеңіс болғанын атап өтейік.
Қазақстандық ұжым келесі матчын 4 қазанда Мәскеудің «Спартагына» қарсы сырт алаңда өткізеді. Осыдан кейін Қазақстан хоккейінің флагманы өз мұз айдынында қатарынан үш матч ойнайды.