Қазақстанның дзюдодан құрама командасы Азия ойындарының финалында Жапониядан ойсырай жеңілді
Қазақстанның дзюдодан құрама командасы Айти мен Нагояда (Жапония) өткен жазғы Азия ойындарының финалында Жапониядан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жапониялық дзюдошылар өз татамиінде 4:0 есебімен ойсырата жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы шешуші белдесулерге мына құраммен шықты: Айдар Арапов (90 кг), Ғұсман Қырғызбаев (73 кг), Меруерт Сәрсенова (57 кг), Марат Байқамуров (+90 кг), Ажар Асхат (70 кг), Аида Тойшыбекова (+70 кг). Олардың барлығы өз белдесулерінде жеңіліп қалды.
Осылайша, қазақстандық дзюдошылар Жапониядағы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Азия ойындарының жартылай финалында қазақстандық дзюдошылар драмалық тартыста Оңтүстік Кореяны жеңіп, 4:3 есебімен басым түсті. Ширек финалда Қазақстан спортшылары Қырғызстанды 4:2 есебімен ұтты.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтуде. Жарыс мәресіне жақындап қалды, ал Қазақстан құрамасы бағдарламада қалған спорт түрлерінен медальдар үшін күресін жалғастыруда.