Елена Рыбакина — Алина Чараева: тікелей трансляцияны қайдан көруге болады
Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 3 қазанда Пекиндегі WTA 1000 турниріндегі жолын бастайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Бірінші нөмірлі жеребе алған Рыбакина Пекиндегі «мыңдық» турнирдегі жарысын екінші айналымнан бастайды. Қазақстандық теннисшінің қарсыласы Армения өкілі Алина Чараева болады. Бірінші айналымда армениялық теннисші украиналық Юлия Стародубцеваны 5:7, 7:5, 6:2 есебімен жеңіп, камбэк жасады.
Рыбакина — Чараева кездесуі Қазақстан уақытымен 17:30-да басталады. Тікелей трансляцияны мына жерден көруге болады.
Қазақстанның үздік теннисшісі үшін бұл China Open турниріндегі үшінші ойыны болмақ. 2023 жылы ол жартылай финалға дейін жетсе, 2025 жылы жарысты үшінші айналымда аяқтады.
Еске салайық, China Open 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы турнирдің жалпы жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды, ал жекелей сындағы чемпион 1000 рейтингтік ұпай мен 1 151 380 доллар көлеміндегі жүлде алады.