locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кравецтің «Барыстың» мәскеулік «Динамоға» қарсы сырт алаңдағы матчына таңдаған құрамы белгілі болды

«Барыс» Ярославльдегі қанат бітірген жеңістен кейін Мәскеуге келді
Кравецтің «Барыстың» мәскеулік «Динамоға» қарсы сырт алаңдағы матчына таңдаған құрамы белгілі болды
ФОТО: Барыс

22 қыркүйекте «Барыс» ҚХЛ-дағы осы маусымдағы алғашқы сырт алаң сериясының қорытынды матчында Мәскеудің «Динамосына» қарсы ойнайды. Михаил Кравецтің алдағы кездесуге қандай құрам таңдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астаналық команданың бас бапкері мына хоккейшілерге сенім артты:

  • Қақпашылар: Шутов, Шепард
  • 1-буын: Масси, Дэй, Бэйли, Морелли, Пилон
  • 2-буын: Маккошен, Данияр, Томпсон, Қайыржан, Өмірбеков
  • 3-буын: Приски, Диханбек, Логвин, Ляпунов, Симонов
  • 4-буын: Бритиков, Шестаков, Шайхмедденов, Савицкий

Мәскеудегі матчтың алғашқы ысқырығы Астана уақытымен 21:30-да естіледі. Сондай-ақ, «Динамо» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болатыны белгілі.

Кездесу қарсаңында «Динамо» Батыс конференциясында алтыншы орында тұр: жеті матчтан кейін қоржынында сегіз ұпай бар. «Барыстың» да сегіз ұпайы бар. Астаналық клуб Шығыс конференциясында бесінші орында орналасқан, алайда «Барыс» бір ойын кем өткізді.

Командалардың соңғы матчтары бір-біріне мүлде ұқсамады: «Динамо» Хабаровскіде «Амурға» 0:4 есебімен есе жіберсе, «Барыс» Ярославльде Батыс конференциясының көшбасшысы «Локомотивті» 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Кравец шәкірттерімен кездесуге дейін «Локомотив» осы маусымда жеңілістің не екенін білмеген еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie