Кравец «Барыстың» ҚХЛ-дегі өкінішті жеңілісінің себептерін атады
«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатының сырт алаңдағы матчында «Адмиралдан» жеңіліп қалды. Владивостоктағы кездесу овертаймнан кейін 5:4 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Астана командасының бас бапкері Михаил Кравец Владивостоктағы сәтсіздіктің қорытындысын шығарып, мұндай нәтижеге әкелген негізгі себептерді атады.
«Ойынға қатысты айтар болсам, алғашқы кезеңдерде өте сенімді ойнадық. «Адмиралдың» өз алаңында әлдеқайда белсенді ойнайтынын түсіндік, бірінші кезеңде оларға төтеп беруге тырыстық. Екінші кезеңде де жаман ойнаған жоқпыз, екі гол соқтық. Яғни өзіміз қалағандай ойнадық. Үшінші кезеңде, өкінішке қарай, бүгін бейнежазбадан бірнеше рет көрсетіп, бұлай жасауға болмайтынын түсіндірген көпшіліктегі сол өкінішті қателік тағы қайталанды.
Бірақ ойыншылар кейде бізге «жоқ, мүмкін, бұлай жасауға болатын шығар» деп дәлелдеуге тырысады, алайда одан нәтиже шықпайды. Соның салдарынан бірден осы голды жіберіп алдық. Ол, әрине, эмоцияға да, жалпы барлық жағдайға да қысым жасайды.
Құдайға шүкір, кейін есепті теңестіріп, төтеп бердік. Бірақ бұл жағдайда «Адмирал» жеңіске көбірек лайық болды деп есептеймін, сондықтан жалпы алғанда бәрі заңды. Үшінші кезеңде жақсырақ ойнау керек», – деп келтіреді Кравецтің сөзін Sports.kz.
Осы кездесуден кейін «Барыс» 18 матчта 21 ұпай жинады. Михаил Кравец шәкірттері Шығыс конференциясында үшінші орында тұр.
26 қазанда астаналық команда сырт алаңдағы сериясын Екатеринбургте «Автомобилистке» қарсы матчпен жалғастырады.