locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚХЛ-дегі ең эмоциялы бапкер «Барыс» туралы пікір білдірді

Канадалық маман Ги Буше командасының ойынды жақсы бастағанын атап өтті
Хоккей
ҚХЛ-дегі ең эмоциялы бапкер «Барыс» туралы пікір білдірді
ҚХЛ-дегі ең эмоциялы бапкер «Барыс» туралы пікір білдірді

«Авангард» бас бапкері Ги Буше ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барысқа» қарсы өткен матчтағы командасының ойынына баға берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Омбыда өткен кездесу астаналықтардың 1:3 есебімен жеңілуімен аяқталды.

Матчтан кейін канадалық маман командасының ойынды жақсы бастағанын атап өтті. Алайда үшінші шайбадан кейін хоккейшілерінің әрекетіне көңілі толмағанын жасырмады.

«Матчты жақсы бастап, көп нәрсені дұрыс жасадық. Бұл команда көп гол соғады әрі мықты қарсыластарды жеңіп жүр. Біз мұны білдік. Олармен өткен жолғы кездесуде ойынымыз көңілден шықпады, сондықтан бұл жолы жақсырақ өнер көрсеткіміз келді. Құрамымызға кейбір ойыншылар оралды. Әлі де бірнеше хоккейшіге сенім арта алмаймыз, бірақ алғашқы үш бестіктегі ойыншылардың басым бөлігі сапқа қосылды. Есеп 3:0 болғаннан кейінгі ойынымыз маған ұнамады. Тым босаңсып, қатты ойнауды қойдық, асығыстық танытып, шайбадан айырылып қала бастадық. Дұрыс әрекет етуді жалғастырудың орнына, төртінші және бесінші шайбаны соғуға ұмтылдық», – деп келтіреді Бушенің сөзін «Барыстың» баспасөз қызметі.

Осы жеңістен кейін «Авангард» 34 ұпай жинап, Шығыс конференциясында екінші орынға көтерілді. 29 ұпайы бар «Барыс» сегізінші сатыда тұр.

Командалар келесі матчтарын 22 қарашада өткізеді. Омбылық клуб Қазанның «Ақ Барсын» қабылдаса, «Барыс» өз алаңында Минскінің «Динамосымен» кездеседі.

Буше ҚХЛ-дегі ең эмоциялы бапкерлердің бірі саналады. Мәселен, «Авангардтың» бұрынғы шабуылшысы Игорь Мартынов 2026 жылдың тамызында канадалық маманды өз мансабындағы ең эмоциялы бапкер деп атады. Оның қосалқы ойыншылар орындығындағы қызуқанды әрекетін басқа хоккейшілер мен сарапшылар да атап өткен.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie