ФОТО: «Барыс» «Амурға» қарсы ҚХЛ матчына құрамын жариялады
12 қыркүйек, сенбі күні «Барыс» ҚХЛ-дағы жаңа маусымның үшінші матчын өткізеді. Команда Михаил Кравецтің жетекшілігімен өз алаңында хабаровскілік «Амурға» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матчтың алғашқы ысқырығы Қазақстан уақытымен 16:30-да естіледі. Тікелей трансляцияны осы жерден көруге болады.
Астаналық клуб ҚХЛ аясындағы «Амурға» қарсы матчқа құрамын жариялады.
«Барыстың» құрамы:
Шепард (Нурек);
Масси — Дэй, Морелли — Пилон — Бэйли;
Данияр — Приски, Омирбеков — Томпсон — Қайыржан;
Маккошен — Бекетаев, Симонов — Логвин — Ляпунов;
Оразов, Савицкий — Шайхмедденов — Әлібек.
Елордалық ұжым маусымды сенімді бастады. «Барыс» маусымдағы алғашқы матчында «Сибирьді» 7:1 есебімен ойсырата жеңсе, кейін Уфаның «Салават Юлаевынан» 8:6 есебімен басым түсті.