«Реалда» «Барселонаны» жеңгеннен кейін төрешілік талдауы жүргізілді
Мадридтік «Реал» клубының телеарнасы Испания чемпионатының оныншы турында «Барселонаны» жеңгеннен кейін төрешілікке сын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Real Madrid TV өкілдері матчтағы бірнеше даулы эпизодқа назар аударып, төрешілер бригадасы мен төрешілерге бейнежазба арқылы көмектесу жүйесі VAR жұмысына наразылық білдірді.
Мадридтік клуб өкілдерінің пікірінше, кейбір сәттерді мұқиятірек қарастыру қажет болған.
Сынның «Реал» принципті қарсыласын сырт алаңда жеңгеніне қарамастан айтылғаны назар аударарлық.
Кездесудің бас төрешісі испаниялық Хуан Мартинес Мунуэра болды.
Еске салайық, Эль-Класико 25 қазанда «Камп Ноу» стадионында өтіп, мадридтік клубтың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Матчтың басты қаһарманы дубль авторы болған француз шабуылшысы Килиан Мбаппе атанды. Каталониялықтардың жалғыз голын Рафинья соқты.
Он турдан кейін «Барселона» 27 ұпаймен Испания чемпионатындағы көшбасшылығын сақтап тұр. «Реалдың» еншісінде 24 ұпай бар.