locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан футзал құрамасының Албания және Арменияға қарсы матчтарға арналған құрамы

Футзал
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Қазақстан футзал құрамасының Албания және Арменияға қарсы матчтарға арналған құрамы
Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық футзал құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Албания және Арменияға қарсы өтетін соңғы матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 3 наурызда Астанада басталады. Тізімге 16 ойыншы енді. Айта кетейік, жарақатына байланысты құрамға Лео Игита мен Дуглас Жуниор шақырылған жоқ.

Қақпашылар: Рауан Атантаев («Семей»), Нарун Серіков («Қайрат»), Рауан Сисенғалиев («Аят»);

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Арнольд Кнауб, Жахангір Рашит, Дамир Қайырбай (бәрі– «Қайрат»), ШыңғысЕсенаманов, Ақжол Дәрібай, Ержан Карменов (бәрі– «Семей»), Лео Мендонка (РФШ, Латвия), Азат Валиуллин («Аят»), Асхат Көлбаев («Ақтөбе»), Нұрсұлтан Пиялы («Ордабасы»), Александр Дерябин («Тюмень», Ресей).

Еске сала кетейік, 7 наурызда Қазақстан футзал құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңі аясында Албанияны қабылдайды. Ойын Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді жәнеАстанауақытымен 19:00-де басталады. Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.

12 наурызда құрама соңғы ойынын Арменияға қарсы Ереванда өткізеді. Басталуы – Астана уақытымен 20:00.

Төрт турдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен турнир кестесінде 2-орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie