locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Махачев UFC аяқтаған соң, қай салада «тәртіп орната» алатынын айтты

UFC чемпионы Ислам Махачев құрылыс саласына араласуға дайын екенін айтты, бірақ өзі пайда әкеле алмайтын жерге бармайтынын жеткізді
Махачев UFC аяқтаған соң, қай салада «тәртіп орната» алатынын айтты
Махачев UFC аяқтаған соң, қай салада «тәртіп орната» алатынын айтты

Жартылай орта салмақтағы UFC-дің қазіргі чемпионы Ислам Махачев спорттық мансабын аяқтағаннан кейін қандай мемлекеттік салада өзін сынап көре алатынын айтты. Ресейлік файтер құрылыс пен сәулет бақылау бағытында жұмыс істеуге мүмкіндік бар деп санайтынын Sports24.kz тілшісіне жеткізді.

Ислам Махачев кәсіби спорттан кеткен соң мемлекеттік қызметте жұмыс істеу мүмкіндігі туралы пікір білдірді. Жекпе-жек шеберінің айтуынша, ол тек шынымен пайда әкеле алатын салаларды ғана қарастырады.

Махачев қажет білімі мен тәжірибесі жоқ қызметке бармайтынын атап өтті. Ол мысал ретінде экономиканы келтіріп, бұл салада тиімді бола алмайтынын айтты.

Сонымен қатар UFC чемпионы құрылысқа қатысты мәселелерде көмектесе алатынын жеткізді. Махачевтің айтуынша, Дағыстанда құрылыс, сәулет стандарттары мен осы саладағы жалпы бақылауда бірқатар проблемалар бар.

«Егер мен пайда әкеле алатын бағыт болса, неге бармасқа? Егер қолымнан келмесе, ол жаққа бармаймын. Мысалы, экономика министрі болу — мен ол жерде жұмыс істей алмаймын. Оған менің білімім жеткіліксіз», — деді Махачев.

Файтер құрылыс саласында өзін көбірек пайда келтіре алатын тұлға ретінде көретінін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл жай ғана формалды қызмет емес, қордаланған мәселелерді шешуге деген ниет.

«Ал құрылыс саласында — құрылыс жоспары, сәулет нормаларын сақтау — мұны мен жасай алар едім, бұрынғы қателіктерді тоқтатып, тәртіп орнатар едім», — деді Махачев YouTube-арнасындағы «Мурад ЛяРиба» сұхбатында.

Айта кетейік, Ислам Махачев қазіргі UFC-дегі ең табысты спортшылардың бірі саналады. Ресейлік файтер жеңіл салмақта чемпион атанып, кейін жартылай орта салмақтың да белбеуін иеленді. Сондай-ақ, Махачев салмақ дәрежесіне қарамастан UFC үздік файтерлері рейтингінде бірінші орында тұр.

Махачев пен Рахмонов арасындағы мүмкін жекпе-жек Sports24kz подкастында талқыланды және сарапшылар екі UFC жұлдызы арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie