locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Жүрегі Грозныйда, жаны Ақтөбеде. Максим Самородов жаңа маусымда «Ақтөбеге» сәттілік тіледі

Футбол 26 нау 2025 06:13
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Жүрегі Грозныйда, жаны Ақтөбеде. Максим Самородов жаңа маусымда  «Ақтөбеге» сәттілік тіледі
ФОТО: Ақтөбе ФК

Грозныйдың «Ахмат» клубында өнер көрсететін шабуылшы, қазақ футболының түлегі Максим Самородов жаңа маусымдағы «Ақтөбе» клубының мүмкіндіктері туралы пікір білдірді.

Футболшы өзінің туған клубының ойындарын әлі күнге дейін бақылап, жанкүйер болып жүргенін жасырмады.

«Өкінішке қарай, «Ақтөбе» Суперкубокта «Қайратқа» есе жіберді. Бұл мені қатты күйзелтті. Шынымды айтсам, ойынды соңына дейін көре алмадым, себебі жүйкем шыдамады. Жалпы, командаға өз мақсаттарына сүрінбей жетуді тілеймін. «Ақтөбк» үшін әрқашан басты мақсат – биікте болу. Командада бәрі жақсы болады деп сенемін»,— деп келтіреді Самородовтың сөзін Sportnews.kz.

Максим — «Ақтөбе» футбол мектебінің түлегі. 2019 жылы ол Қазақстан Премьер-лигасында алғаш рет алаңға шықты. Бұл матч алматылық «Қайратқа» қарсы өткен болатын. Ал 2024 жылдың жазында Самородов Ресей Премьер-лигасының «Ахмат» клубына ауысты.

Қазіргі таңда ол РПЛ-де 15 матч өткізіп, 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас авторы атанды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie