locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жота мен оның ағасының жерлеу рәсімі 5 шілдеде өтеді

4 шілдеде екі футболшы өскен Гондомардағы жерлеу шіркеуінде еске алу шарасы ұйымдастырылады.
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Жота мен оның ағасының жерлеу рәсімі 5 шілдеде өтеді
ФОТО: "Порту" ФК

Португалия ұлттық құрамасының және «Ливерпуль» клубының футболшысы Диогу Жота мен оның інісі Андре Силваның жерлеу рәсімі 5 шілдеде олардың туған қаласы Портуда өтеді. Қоштасу рәсімі Сан-Франсиску шіркеуінде ұйымдастырылады.

4 шілде күні бауырлардың туған өлкесі — Гондомарда, жерлеу шіркеуінде еске алу рәсімі өтеді.

Диогу мен Андренің сүйектері туыстарының еріп жүруімен Португалияға жеткізілді. Жеке басын анықтау көліктен табылған құжаттардың негізінде жүргізілді. Алғаш болып мәйіттерді қабылдаған сот-медицина институтына Диогудың жұбайы Руте де барды. Оған сол жерде психологиялық қолдау көрсетілді.

Осы оқиғаға қатысты футболшылардың отбасы мен Португалия футбол федерациясының өкілдері растағандай, қоштасу рәсімі жанкүйерлер, әріптестер және бауырлармен қоштасқысы келетін барша жұртқа ашық болады.

Рәсімге Португалия құрамасының ойыншылары, «Ливерпуль» мен «Брага» клубтарының өкілдері, сондай-ақ ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы қатысады деп күтілуде.

3 шілде күні Испанияның Самора провинциясында Диого Жота мен оның ағасы Андре апаттан қайтыс болғаны хабарланған болатын. Жотаның артында әйелі мен үш баласы қалды. Португалия футбол федерациясы алдағы матчтарда футболшыларды бір минут үнсіздікпен еске алуды сұрап, УЕФА-ға ресми өтініш жолдады — алдағы әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының матчтары Жотаға құрмет ретінде бір минуттық үнсіздікпен басталады, ал ойыншылар қара байлам тағып шығады.

Сонымен қатар, осы апта соңына дейін ел чемпионатының барлық матчтары үнсіздік минутынан басталады. Федерация Жотамен қоштасу рәсіміне барғысы келетіндерге арнап Лиссабон мен Брага қалаларынан автобус қатынасын ұйымдастырды.

Жотаның отбасы қоғамға көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, ресми қоштасу аяқталған соң жеке аза тұту рәсіміне құрметпен қарауды сұрады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie