locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Испанияда қаза тапты: «Ливерпуль» ойыншысы Диогу Жота жол апатынан көз жұмды

28 жастағы португалиялық шабуылшы бауырымен бірге көлік апатына ұшырады
Футбол
Әлім Динасылов
Әлім Динасылов
Редактор
Испанияда қаза тапты: «Ливерпуль» ойыншысы Диогу Жота жол апатынан көз жұмды
ФОТО: Getty Images

Ағылшынның «Ливерпуль» клубында өнер көрсеткен португалиялық футболшы Диогу Жота Испанияның батысындағы Самора провинциясында болған жол-көлік оқиғасынан қаза тапты. Бұл туралы Marca басылымы хабарлады. Онымен бірге туған інісі де ажал құшты.

Жота «Ливерпуль» құрамында Англия чемпионы, ел кубогы және лига кубогының иегері атанды. Ол бұл клубта 2020 жылдан бастап ойнаған. Бұған дейін Диогу «Вулверхэмптон», «Атлетико Мадрид», «Порту» және «Пасуш де Феррейра» клубтарының намысын қорғады.

Ұлттық құрама сапында Жота УЕФА Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы атанған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie