locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Марқұм Диогу Жотаның артында жары мен үш баласы қалды. Онымен бірге ағасы да қайтыс болды

Жоту небәрі 10 күн бұрын үйлену тойын өткізген.
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Марқұм Диегу Жотаның артында жары мен үш баласы қалды.
Әлеуметтік желі X

Португалия құрамасы мен «Ливерпульдің» футболшысы Диегу Жота жол апатынан қаза тапты. Артында жары мен үш баласы қалды.

Диогу Жота сүйіктісі Руте Кардозомен қайғылы оқиғадан небәрі 10 күн бұрын, 22 маусымда, үйленген еді.

Әлеуметтік желілерде сол кезде үйлену тойынан түсірілген суреттер жарияланды. Онда Жота мен Руте үш баласымен бірге бейнеленген: төрт жастағы ұлы Денис, екі жастағы Дуарте және 2024 жылы туған қызы.

3 шілде күні испандық Marca басылымы футболшының Испанияның Самора провинциясында жол-көлік апатынан қаза тапқанын хабарлады. Португалия жол полициясының мәліметінше, апат шамамен жергілікті уақытпен 22:40-та A28 трассасында, Жотаның туған қаласы Масарелуштың маңында болған. BMW X7 көлігін тізгіндеген Жота жоғары жылдамдықпен қоршауға соғылып, бірнеше рет аударылып кеткен. Құтқару қызметі қанша тырысқанымен, спортшы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Полиция мәліметінше, апат кезінде ауа райы қолайлы болған, жолда тежеу іздері табылмаған. Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Автокөліктің техникалық ақауы немесе жүргізушінің уақытша есінен тануы ықтимал себеп ретінде қарастырылып отыр.

Сондай-ақ, сол көлікте болған Жотаның туған інісі — 25 жастағы «Пенафиел» клубының ойыншысы Андре Силва да апат салдарынан қаза тапты.

Португалия футбол федерациясы қайғылы оқиғаны растады және Жотаның отбасына көңіл айтты.

Диогу Жота 28 жаста еді. Ол биыл «Ливерпуль» сапында Англия чемпионы атанды. Бұған дейін Англия кубогы мен лига кубогын жеңіп алған. Ал Португалия құрамасы сапында УЕФА Ұлттар лигасының екі дүркін жеңімпазы болды. Соңғы жеңіс биылғы маусымда, маусым айында тіркелген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie