locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Португалия футбол федерациясы Диого Йота мен оның ағасының қайтыс болғанын растап, көңіл айтты

Португалия футбол федерациясы УЕФА-дан алдағы матчтарда ойыншыларға құрмет көрсетуді сұрады.
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Португалия футбол федерациясы Диого Йотаның қайтыс болғанын растап, көңіл айтты
ФОТО: "Порту" ФК

Португалия футбол федерациясы (FPF) әлеуметтік желіде ұлттық құрама мен «Ливерпуль» шабуылшысы Диого Йотаның жол апатынан қайтыс болғанын растады.

FPF президенті Педру Пренса ағайындылардың қазасына байланысты терең күйзелісін білдіріп, Жотаның «тек ұлттық құрамада 50-ге жуық ойын өткізген үздік ойыншы ғана емес, сонымен қатар ұжымның сүйіктісі, қоғамда үлгі болған ерекше тұлға» екенін атап өтті.

«Португалия футбол федерациясы мен бүкіл португал футболы бүгін таңертең Испанияда Диогу Жота мен оның ағасы Андренің қаза тапқаны туралы хабарды үлкен күйзеліспен қабылдады. Диогу Жота – ұлттық құрамада 50-ге жуық ойын өткізген керемет футболшы ғана емес, сондай-ақ командадастары мен қарсыластары үлкен құрметпен қарайтын, жан-тәнімен қуаныш сыйлайтын, қоғамда беделге ие ерекше адам болды», – делінген федерация мәлімдемесінде.

Португалия футбол федерациясы УЕФА-ға бейсенбі күні әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатында Испанияға қарсы ұлттық құрамамыздың матчы алдында марқұм футболшыларды бір минут үнсіздікпен еске алуды сұрап жүгінді.

«Біз екі чемпионнан айырылдық. Диогу мен Андре Силваның кетуі – португал футболы үшін орны толмас қаза. Біз олардың есімін күн сайын құрметпен еске алып, мұрасын сақтауға бар күшімізді саламыз», – деп қосты федерация.

Бұған дейін Испанияның Самора провинциясында испаниялық «Пенафиэль» клубында өнер көрсеткен Диого Йота мен оның ағасы Андре апаттан қайтыс болғаны хабарланған болатын. Жотаның артында әйелі мен үш баласы қалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie