locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жетісуға» мүмкіндік қалдырмады. Томасов Смақов шәкірттерін аямай, «Астананы» алға шығарды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Жетісуға» мүмкіндік қалдырмады. Томасов Смақов шәкірттерін аямай, «Астананы» алға шығарды
ФОТО: Астана ФК

30 наурызда елордада өткен матчта «Астана» өз алаңында «Жетісуға» еш мүмкіндік қалдырмады.

Ойынның 14-минутында қонақтардың қақпашысы Денис Кавлинов айып алаңында өрескел қателесіп, допты тікелей Марин Томасовқа беріп қойды. Шабуылшы бұл сәтті мүлт жібермей, есеп ашты. Таймның соңына таман Томасов баспен дәл соққы жасап, есепті еселеді. Екінші бөлікте «Жетісу» есепті қысқартуға тырысқанымен, ештеңе шықпады. Керісінше, «Астана» шабуылын жалғастырып, тағы бір гол соқты. Тағы да Томасов мергендік танытып, хет-трик авторы атанды.

ҚПЛ, 3-тур
«Астана» — «Жетісу» 3:0
Голдар: Томасов 14 (1:0), Томасов 45+1 (2:0), Томасов 63 (3:0)

Осы жеңістен кейін «Астана» 7 ұпай жинап, «Қайрат» пен «Ақтөбемен» бірге көш бастады. Ал «Жетісу» 2 ұпаймен турнирлік кестенің төменгі бөлігінде қалып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie