locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Атыраудағы ірі есеп. «Ақтөбе» сырт алаңда сенімді жеңіске жетіп, «Қайратты» қуып жетті

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Атыраудағы ірі есеп.  «Ақтөбе» сырт алаңда сенімді жеңіске жетіп, «Қайратты» қуып жетті
ФОТО: Ақтөбе ФК

Премьер-лиганың 3-турында «Ақтөбе» сырт алаңда «Атырауды» ірі есеппен жеңді — 4:0. Игорь Леоновтың командасы ойын тізгінін толық өз қолына алып, алғашқы таймда-ақ жеңісті жақындатты.

Есеп 8-минутта ашылды – Уче Агбо айып алаңынан келген пасты пайдаланып, есепті өз командасының пайдасына бұрды. Бірінші таймның соңына қарай алаң иелері өз қақпасына гол соғып алды, автогол авторы Гильерме Перейра атанды. Екінші таймда ақтөбеліктер шабуылды жалғастырып, Джордже Ивкович пен Дархан Бердібек есепті еселей түсті.

ҚПЛ, 3-тур
Атырау — Ақтөбе 0:4
Голдар: Агбо 8 (0:1), Перейра (автогол) 38 (0:2), Ивкович 68 (0:3), Бердібек 89 (0:4)

Бұл жеңістен кейін «Ақтөбе» 7 ұпай жинап, турнир кестесінде «Қайратпен» теңесті. Ал 3 ұпайы бар «Атырау» әзірге ортаңғы орында тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie