«Астана» мен «Жетісу» елордада өтетін матчтың негізгі құрамын жариялады
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
Фото: Астана ФК
30 наурыз күні сағат 16:00-де «Астана Аренада» Премьер-лиганың 3-тур ойыны өтеді. Елорда командасы өз алаңында Самат Смақов баптайтын «Жетісуді» қабылдайды.
Қазіргі таңда «Астана» 4 ұпаймен турнир кестесінің 2-орнында келеді. «Жетісу» 2 ұпай жинап, 9-сатыда орналасқан.
«Астана» - «Жетісу» матчына арналған негізгі құрамдар (30 наурыз, 16:00)
Астана: Сейсен; Бартолец, Калаица, Казуколовас, Эбонг; Джеффри, Шомко, Камара, Аманович; Грипши, Томасов (капитан).
Жетісу: Кавлинов; Ковель, Чочиев, Тайкенов, Шмидт; Есімбеков, Рудосельский, Оматай, Болов; Житнев, Такулов (капитан).
Матчтың тікелей көрсетілімін мына сілтеме арқылы көруге болады.