Мұхамеджан Сейсен: Біз бірінші нөмірмен ойнап, қарсыласымызға бірде-бір мүмкіндік бермедік
Бүгін, 30 наурыз күні футболдан Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары өтті. «Астана» өз алаңында «Жетісуды» қабылдап, Марина Томасовтың хет-трикінің арқасында елордалықтар кездесуді 3:0 есебімен өз пайдасына шешті.
"Бүгінгі ойын туралы айтатын болсақ, қиынырақ болды, бірақ біз бапкердің жоспарын толығымен орындадық деп ойлаймын. Барша қазақ халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Біз негізінен бірінші нөмірмен ойнадық, қарсыластарымызға бірде-бір мүмкіндік бермедік, бізді қолдауға келген жанкүйерлерге алғысымды білдіремін", - деді матчтан кейін «Астана» қақпашысы Мұхамеджан Сейсен.
Үш турдан кейін «Астана» кестеде үшінші орында және өз активінде жеті ұпайға ие, «Жетісу» екі ұпаймен 13-орында.