locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жақсырақ ойнадық.». Гвардиола «Пэластан» жеңілгеннен кейін

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Жақсырақ ойнадық.». Гвардиола «Пэластан» жеңілгеннен кейін
ФОТО: Getty images

«Манчестер Сити» бас бапкері Пеп Гвардиола Англия кубогының финалында «Кристал Пэластан» (0:1) жеңілген матчтан кейін пікір білдірді. Испаниялық маманның айтуынша, оның командасы сапалы ойын көрсетті, көптеген сәттер жасады, бірақ оларды голға айналдыра алмады.

«Бүгін біз «Саутгемптонға» қарсы ойнаған матчқа қарағанда жақсырақ ойнадық. Белсенді болдық, мүмкіндіктер жасадық, бірақ гол соқпадық», - деді Гвардиола.

Ол сонымен қатар қарсыластың стандартты жағдайлар кезінде өте қауіпті болғанын атап өтті. Бапкер пенальтиді неліктен Эрлинг Холанд емес, Омар Мармуш тепкеніне де түсініктеме берді:

«Бұл - ойыншылардың алаңдағы шешімі. Мен араласқан жоқпын».

Сөз соңында Гвардиола командасының соңғы айларда қорғаныста сенімдірек ойнағанын, алайда нәтижелілік жағынан көрсеткіштің төмендегенін де атап өтті.

Сіздердің назарларыңызға Пеп Гвардиоланың матчтан кейінгі толық пікірін ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie