locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Кристал Пэлас сенсациялық түрде Манчестер Ситиді жеңіп, тарихтағы тұңғыш Англия кубогын жеңіп алды

Футбол 17 мам 2025 13:32
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Кристал Пэлас сенсациялық түрде Манчестер Ситиді жеңіп, тарихтағы тұңғыш Англия кубогын жеңіп алды
ФОТО: Getty images

17 мамыр күні Лондонда орналасқан әйгілі «Уэмбли» стадионында Англия кубогының финалдық матчы өтті. Бұл ойында «Кристал Пэлас» нағыз сенсация жасап, азулы «Манчестер Ситиді» 1:0 есебімен тізе бүктіріп, клуб тарихындағы алғашқы Кубогын жеңіп алды.

Ойынның тағдырын шешкен жалғыз әрі жеңіс голын жартылай қорғаушы Эберечи Эзе 16-минутта соқты. Ол өз командасының қарымта шабуылын шебер аяқтап, допты дәл Ортеганың қақпасының бұрышына бағыттады.

«Манчестер Сити» ойын барысында допты көбірек бақылап, шабуылды үдете түскенімен, «бүркіттердің» қорғанысын бұза алмады. Тіпті 36-минутта есепті теңестіруге нақты мүмкіндік те болды – төреші пенальти белгілеген. Алайда «Пэлас» қақпашысы Дин Хендерсон шеберлік танытып, Мармуштың соққысын қайтарып, өз қақпасын аман сақтап қалды.

Англия кубогы. Финал

«Кристал Пэлас» — «Манчестер Сити» — 1:0

Гол: Эзе, 16

Соғылмаған пенальти: Мармуш, 36

Финалдық ысқырық «Кристал Пэлас» үшін тарихи жеңісті тіркеді – 1:0. Оливер Гласнердің шәкірттері 120 жылдық клуб тарихында алғаш рет Англия кубогының иегері атанды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie