locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Пеп Гвардиола Англия Кубогының финалындағы жеңіліске қатысты пікір білдірді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Пеп Гвардиола Англия Кубогының финалындағы жеңіліске қатысты пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола командасының Англия Кубогының финалында «Кристал Пэласқа» (0:1) есе жібергеніне көңілі толмай, сұрақтарға ашумен жауап берді.

Хендерсонның допқа қолмен ойыны және қызыл қағаз берілмеген эпизод туралы Гвардиола: «Төрешіден сұраңыз»,- деді.

Неліктен Эрлинг Холандтың орнына Омар Мармуш пенальти орындауға барғаны туралы Гвардиола: «Білмеймін, мен олармен сөйлескен жоқпын. Олар шешім қабылдады. Олар шешеді», - деді.

Гвардиола өз командасының ойынын ерекше атап өтіп, қарсыластарын құттықтауды ұмытпады.

«Біз «Манчестер Юнайтедке» қарсы өткен маусымға қарағанда әлдеқайда жақсы ойнадық. Кейде футбол солай болады. Біз допты жақсы басқардық. Бірақ, өкінішке орай, жеңіске жете алмадық, бірақ «Кристал Пэласты» құттықтаймыз», - деп қосты ол.

Гвардиола 2025 жылы бірде-бір жүлде ұтып алмауы мүмкін, «Сити» бапкерінің соңғы мүмкіндігі бар – 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионаты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie