«Кристал Пэлас» - «Манчестер Сити» - 1:0. Эзенің жалғыз голы «бүркіттерге» тарихи жеңіс сыйлады. Голдар және матчқа бейнешолу
2024/25 жылғы маусымдағы Англия кубогының финалдық матчы 17 мамыр күні «Уэмбли» стадионында өтіп, тарихи сенсациямен аяқталды. «Кристал Пэлас» азулы «Манчестер Ситиді» 1:0 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет атақты турнирдің жеңімпазы атанды.
Ойындағы жалғыз әрі шешуші гол 16-минутта соғылды. «Пэлас» жартылай қорғаушысы Эберечи Эзе жеке шеберлігін паш етіп, командасының шабуылын әдемі нүктемен аяқтады. Бұл гол финалдың басты сәтіне айналып, «бүркіттерге» көптен күткен кубокты алып келді.
Бірінші таймның соңында «Сити» есепті теңестіруге тамаша мүмкіндік алды - төреші VAR жүйесін қарап, пенальти белгіледі. Алайда Омар Мармуштың соққысын қақпашы Дин Хендерсон қайтарып, командасын құтқарып қалды және ойынның басты қаһармандарының біріне айналды.
Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.