locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ювентус» — «НЕК Неймеген». Онлайн көру. LIVE-трансляция

«Бьянконери» 2010 жылдан бері алғаш рет Еуропа лигасының негізгі кезеңінде ойнайды
«Ювентус» — «НЕК Неймеген». Онлайн көру. LIVE-трансляция
ФОТО: Getty Images
Еуропа Лигасы
17.09.2026, 15.00
Ювентус
-
Неймеген
-

«Ювентус» үшін осы маусым жаңа шындыққа айналмақ: «бьянконери» 2010 жылдан бері алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне емес, Еуропа лигасының дәл осы сатысына жолдама алды. Олар үшін еурокубок маусымы да әдеттен тыс қарсыласпен басталады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Туринге аттанатын нидерландиялық «НЕК Неймеген» еурокубоктардағы сегізінші маусымын ғана өткізіп жатыр. Оның төртеуі бүгінде ұмыт бола бастаған Интертото кубогы турниріне тиесілі.

Өткен маусымдағы Эредивизидегі сенсациялық қола жүлденің арқасында «Неймеген» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раундына жолдама алып, кем дегенде Еуропа лигасының негізгі кезеңіне қатысу құқығына кепілдік берді. «Олимпиакосты» жеңгеннен кейін НЕК «Буде-Глимттен» басым түсе алмады да, дәрежесі жөнінен екінші еурокубокқа түсіп қалды.

Ал «Ювентус» үшін Еуропа лигасына қатысу жаңалық емес. Өйткені «бьянконери» жеңіп алған жүлделер саны бойынша тек үш титулы бар «Севильядан» ғана кейін тұр. Дегенмен соңғы жылдары оларды Чемпиондар лигасында көруге бәріміз көбірек үйреніп қалдық.

Қалай болғанда да, А Сериясындағы өткен маусымның сәтсіздігі «зебраларды» дәрежесі жөнінен екінші еурокубокқа алып келді. Оның аясында олар 18 қыркүйекте Астана уақытымен 00:00-де «НЕК Неймегенді» қабылдайды. Матч трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie