Әнуарбек «Мотиватор» Бекембетов пен Мұхит Амантаев Алматыда реванш өткізеді
Әнуарбек «Мотиватор» Бекембетов пен Мұхит Амантаев жеңіл салмақтағы екінші жекпе-жегін өткізеді. Реванш 12 желтоқсанда Алматыдағы Almaty Arena аренасында өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Боксшылар бұған дейін IBA NOMAD 15 турнирінде кездесіп, жеңіс Бекембетовке бұйырған. Алғашқы айқас тартысты өтті, енді қарсыластар рингте тағы да мықтыны анықтамақ. Мұхит Амантаев үшін алдағы жекпе-жек жеңілісі үшін есесін қайтарып, өзара кездесулердегі есепті теңестіруге мүмкіндік береді.
Ал «Мотиватор» лақап атымен танымал Әнуарбек Бекембетов алғашқы кездесудегі жеңісінің кездейсоқ болмағанын дәлелдеп, табысын қайталауды көздейді. Сондықтан екінші жекпе-жек қос спортшы үшін де айрықша маңызға ие. Амантаев айқастың нәтижесін өзгертуді мақсат етсе, Бекембетов басымдығын нығайтуға тырысады.
Жекпе-жектің басталу уақыты мен екінші айқастың өткізілу шарттары әзірге нақтыланған жоқ.
Еске салайық, Әнуарбек Бекембетов пен Мұхит Амантаев бұған дейін IBA NOMAD 15 турнирінде кездескен. Алғашқы жекпе-жекте Бекембетов жеңіске жетті. Енді спортшылар 12 желтоқсанда Алматыдағы Almaty Arena аренасында реванш өткізеді.