«Ювентус» – «Манчестер Сити». Онлайн қарау. Live трансляция
2025 жылғы Клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші турдың басты кездесуі 27 маусым күні АҚШ-тың Орландо қаласында өтеді.
«Кэмпинг Уорлд» стадионында Еуропаның екі алыбы - Италияның «Ювентус» және Англияның «Манчестер Сити» клубтары жасыл алаңда кездеседі. Ойын Астана уақытымен 00:00-де басталады. Тікелей трансляцияны мына жерден көруге болады.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Алғашқы екі турда да екі команда Марокконың «Видад» және БАӘ өкілі «Аль-Айнды» сенімді түрде жеңіп, плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын шыққан болатын. Бұл матч топтағы бірінші орынды иеленетін клубты анықтайды.
2025 жылғы Клубтық әлем чемпионаты АҚШ-та өтуде. Турнирге алты құрлықтық конфедерациядан келген 32 үздік клуб қатысып жатыр.