locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Вулверхэмптон» – «Манчестер Сити» – 0:4. Холандтың масқара қателігі мен Рейндерстің дебюттік голы. Голдар және матчқа бейнешолу

«Манчестер Сити» маусымды сенімді жеңіспен бастады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Вулверхэмптон» – «Манчестер Сити» – 0:3. Холандтың масқара қателігі мен Рейндерстің дебюттік голы. Голдар және матчқа бейнешолу
ФОТО: Getty images

16 тамыз күні Англия Премьер-лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын «Манчестер Сити» сырт алаңда өткізді. «Молинью» стадионында Гвардиола шәкірттері «Вулверхэмптонды» ірі есеппен тізе бүктіріп, 4:0 есебімен басым түсті.

Кездесу тосын жайттан басталды: 19-минутта Эрлинг Холанд бос қақпаға гол дарыта алмай, жанкүйерлерді таңғалдырды. Дегенмен норвегиялық сұрмерген көп ұзамай өз қателігін түзетті. 34-минутта ол әріптестерінің тамаша пасын нәтижелі соққымен түйіндеп, есепті ашты.

Алғашқы таймның соңына қарай жаңа ойыншы Тиджан Рейндерс «Сити» сапындағы дебютін голмен атап өтіп, айырмашылықты екі допқа жеткізді. Екінші таймда да «қалалықтар» ойынды толық бақылауда ұстап, 61-минутта Холанд дубль авторы атанды. Осылайша, «Манчестер Сити» маусымды сенімді әрі жарқын жеңіспен бастады.

Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie