Гвардиола шәкірттері отталды: «Сити» Англия чемпионатын ірі жеңіспен бастады
«Манчестер Сити» жаңа маусым ең сәтті басталды. Хосеп Гвардиола шәкірттері Премьер-лиганың 1-турындағы сырт алаңдағы ойында «Вулверхэмптонды» 4:0 есебімен ойсырата ұтып, турнирдің басты фавориті екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Кездесу басталғаннан-ақ қонақтар ойынды толық бақылауға алды. 19-минутта Эрлинг Холанд есеп ашатын тамаша мүмкіндікті мүлт жіберіп, бос қақпаға нысананы дәл таба алмады. Дегенмен норвегиялық шабуылшы көп ұзамай қатесін түзетті – 34-минутта ол алғашқы голын соғып, жаңа маусымдағы есепті ашты. Араға үш минут салып, командадағы жаңа ойыншы Тиджан Рейндерс тамаша соққысымен артықшылықты еселеді.
Екінші таймда да «қалалықтар» қарқынын бәсеңдетпеді. 61-минутта Холанд тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Ал 81-минутта Раян Шерки әдемі көпқадамды комбинацияны түйіндеп, ойындағы соңғы нүктені қойды.
АПЛ. 1-тур
«Вулверхэмптон» – «Манчестер Сити» – 0:4 (0:2)
Голдар: Холанд, 34 (0:1). Рейндерс, 37 (0:2). Холанд, 61 (0:3). Шерки, 81 (0:4).
Келесі турда «Манчестер Сити» 23 тамыз күні өз алаңында «Тоттенхэмді» қабылдайды. Ал «Вулверхэмптон» 23 тамызда «Борнмутқа» қарсы өрнекті ойынымен оң нәтижеге ұмтылмақ.