locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Фото. Холандтың масқара қателігі. Эрлинг қалайша бос қақпаға дәл көздей алмады?

Холанд жүз пайыздық мүмкіндікті жіберіп алды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Фото. Холандтың масқара қателігі. Эрлинг қалайша бос қақпаға дәл көздей алмады?
ФОТО: Getty images

16 тамыз күні Англия Премьер-лигасының 1-турындағы ойында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Вулверхэмптонға» қонаққа барды. Хосеп Гвардиола шәкірттері алғашқы минуттардан-ақ өз үстемдігін танытып, тайм ортасына дейін есепте сенімді басымдыққа жетті.

19-минутта күтпеген жағдай орын алды – Эрлинг Холанд бос қақпаны дәл таба алмай, айқын мүмкіндікті жіберіп алды. Алайда норвегиялық форвард көп ұзамай қателігін түзетті: 34-минутта ол қақпаны қуатты соққымен дәл көздеп, есеп ашты. Бірнеше минуттан соң Тиджан Рейндерс есепті еселей түсті. Осылайша, үзіліске дейін таблодағы көрсеткіш 0:2 болып, қонақтардың пайдасына өзгерді.

«Манчестер Сити» жаңа маусымға тағы да басты фаворит ретінде кірді. Жанкүйерлер арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, 15 пайыз жанкүйер Хосеп Гвардиола командасын 2025/26 жылғы маусымда АПЛ чемпионы атануға басты үміткерлердің бірі деп санайды.

Фото: ашық дереккөздерден
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie