locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Винисиус Жуниор Реал сапындағы 100-ші голын қалай соқты?

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ВИДЕО. Винисиус Жуниор Реал сапындағы 100-ші голын қалай соқты?
ФОТО: Getty Images

Бүгін “Зальцбургке” қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің матчында Винисиус Жуниор мадридтік “Реал” сапындағы 100-ші голын соқты.

Матчтың 55-ші минутында Модрич алаңның ортасынан допты тура бразилиялықтың аяғына жеткізді. Содан кейін Вини өзінің стилінде айып алаңына еніп, алыс бұрышқа тура соққы жасап, қақпашыға еш мүмкіндік қалдырмады. Бұл гол Винисиустың мадридтік команда сапындағы 100-ші голы болды.

“Реал Мадридтің” жейдесінде ол үш дүркін Ла Лига чемпионы, екі дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы және екі дүркін КӘЧ жеңімпазы атанды. Ол сонымен қатар FIFA нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік ойыншысы атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie