Чемпиондар лигасы. Реал өз алаңында Зальцбургке мүмкіндік қалдырмады
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 7-ші турының матчы аяқталды, онда мадридтік “Реал” өз алаңында “РБ Зальцбургты” қабылдады.
Ойын 5:1 есебімен “Реал Мадридтің” ойсырата жеңісімен аяқталды. Кездесуде екі бразилиялық Винисиус пен Родриго екі голдан соқты. Беллингем де асситенттік дубль жасап үлгерді. Мадридтік команда матч соңына дейін басымдық танытты, бірақ 85-ші минутта қонақтардың жартылай қорғаушысы Мадс Бидструп командасы үшін жұбаныш голын соғып, есепті жұмсартуға көмектесті.
- Спорт әлеміндегі жарқын оқиғаларды біздің Sports24.kz Telegram-арнамыздан көріңіз!
Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 23-ші қаңтар
Реал Мадрид (Испания) - Зальцбург (Австрия) - 5:1
Голдар: Родриго, 23, 35, Мбаппе, 48, Винисиус, 55, 77 - Бидструп, 85.