Реал Мадрид - Зальцбург. Голдар және матчқа бейнешолу
23-ші қаңтарға қараған түні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 7-ші турының ойыны өтті. “Реал Мадрид” өз алаңында “Зальцбург” (5:1) командасын қабылдады.
Кездесудің 23-ші минутында “Реал” Родригоның голының арқасында есеп ашты. Ол Беллингемнің пасынан кейін жақын жерден допты қақпаға бағыттады. 11 минуттан кейін осы жұп тағы да гол соғып, есепті еселеді. Екінші таймның басында Мбаппе қақпашының қателігін пайдаланып, бос қақпаға гол соқты. 55-ші минутта Винисиус айып алаңына еніп, орталыққа жылжып, алыс бұрышқа соққы бағыттады. Одан кейін екінші гол соғып, есепті 5:0-ге жеткізді. Бірақ кездесу соңында қонақтар бір голды қайтара алды.
- Спорт әлеміндегі жарқын оқиғаларды біздің Sports24.kz Telegram-арнамыздан көріңіз!
Лига Чемпионов. Жалпы кезең. 23-ші қаңтар
Реал Мадрид (Испания) - Зальцбург (Австрия) - 5:1
Голдар: Родриго, 23, 35, Мбаппе, 48, Винисиус, 55, 77 - Бидструп, 85.
Матчқа бейнешолу: