locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Вальверде «Әл-Хиләлге» қарсы матчтың соңында пенальтиден мүлт кетті

Вальверде «Әл-Хиләлге» қарсы матчтың соңында пенальтиді голға айналдыра алмады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Видео. Вальверде «Әл-Хиләлге» қарсы матчтың соңында пенальтиден мүлт кетті
ФОТО: Getty images

Клубтар арасындағы әлем чемпионатының H тобындағы «Реал» – «Әл-Хиләл» матчында шешуші сәт 87-минутта орын алды. Саудиялық команданың жартылай қорғаушысы Мұхаммед Әл-Кахтани айып алаңында мадридтік Фран Гарсияның иегіне шынтақпен соққы жасады. Қақпаға жақын орналасқан қорғаушы жерге құлап түсті, алайда бас төреші Факундо Тельо бастапқыда ойынды жалғастыра берді.

Алайда ВАР жүйесінің араласуынан кейін төреші эпизодты қайта қарап, «Реал» пайдасына пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добын уругвайлық капитан Федерико Вальверде орындады, бірақ қақпашы Яссин Буну керемет сейвпен команданы құтқарып қалды.

Бұл сәт ойын тағдырын шешіп, қос ұжым 1:1 есебімен тең тарқасты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie