locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Майамидегі тартысты тең ойын: «Реал» мен «Әл-Хиләл» клубтар арасындағы әлем чемпионатын тең нәтижемен бастады

«Реал» мен «Әл-Хиләл» турнирді тартысты тең нәтижемен бастады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Майамидегі тартысты тең ойын: «Реал» мен «Әл-Хиләл» клубтық әлем чемпионатын тең нәтижемен бастады
ФОТО: Getty images

18-інен 19 маусымға қараған түні Майами қаласындағы әйгілі «Хард Рок» аренасында клубтар арасындағы әлем чемпионаты-2025 турнирінің H тобы аясындағы алғашқы тур ойыны өтті. Күннің орталық кездесуі саналатын матчта мадридтік «Реал» саудиялық «Әл-Хиләлді» жеңе алмады – есеп 1:1.

Хаби Алонсоның шәкірттері ойын басталған сәттен-ақ белсенді қимылдап, 34-минутта есеп ашты. Жас шабуылшы Гонсало Гарсия мадридтіктер тарихындағы клубтық әлем чемпионатындағы алғашқы голдың авторы атанды. Алайда испаниялық клубтың қуанышы ұзаққа созылмады – арада жеті минут өткен соң «Әл-Хиләл» 11 метрлік пенальтиден есепті теңестіріп, қарымта қайтарды. Гол авторы – Рубен Невеш.

Екінші таймда «Реал» тағы да басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матч соңында Федерико Вальверде жеңісті жұлып алуға мүмкіндік алды, бірақ пенальтиден мүлт кетті.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты-2025. H тобы. 1-тур

«Реал» (Испания) — «Әл-Хиләл» (Сауд Арабиясы) — 1:1

Голдар: Гонсало Гарсия, 34 — Невеш, 41 (пен.)

Келесі турда, 23 маусым күні, «Реал» Мексиканың «Пачука» клубымен кездессе, «Әл-Хиләл» Австрияның «Ред Булл Зальцбург» командасымен ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie