ВИДЕО. Роналду Коштаға Эриксеннің пенальти тебуі жайлы нұсқаулар берді
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Португалия құрамасының қақпашысы Диогу Кошта Ұлттар лигасының ширек финалында Даниямен өткен матчта нағыз қаһарманға айналды. Кездесудің 26-минутында Кристиан Эриксен пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды, алайда португалиялық қақпашы керемет сейв жасап, есептің 0:0 болып қалуын қамтамасыз етті.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Бір қызығы, бұл эпизодта Криштиану Роналду маңызды рөл атқарған болуы мүмкін. Желіде KR7 пенальти алдында Костаға кеңес берген видео пайда болды, содан кейін қақпашы Эриксеннің соққысының бағытын тамаша болжайды.
Ұлттар лигасы. Ширек финал. 21 наурыз
Дания – Португалия – 0:0 (бірінші тайм өтіп жатыр)