Дания - Португалия. Соғылмаған пенальти және Хойлунд голы. Голдар және матчқа бейнешолу
20-нан 21 наурызға қараған түні Копенгагендегі “Паркен” стадионында Ұлттар лигасының А лигасы ширек финалының алғашқы кездесуі өтті. Қарсыласқан Дания мен Португалия құрамаларының тартысты матчында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы алғашқы минуттардан-ақ шабуылға ден қойды. Дегенмен, датчандықтар сенімді қорғаныс құрып, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Бірінші таймдағы ең қауіпті сәт 26-минутта орын алды – Кристиан Эриксен 11 метрлік айып добын орындады, бірақ Португалия қақпашысы Диогу Кошта керемет сейв жасап, командасын есепте қалдырды.
Ойын тағдырын шешкен жалғыз гол 79-минутта тіркелді. Расмус Хойлунд португалиялық қорғаныстың қателігін пайдаланып, дәл соққымен допты қақпаға енгізді.
Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.