Роналду емес, Хойлунд: Дания тартысты жекпе-жекте Португалияны жеңді
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
20-нан 21 наурызға қараған түні Копенгагендегі “Паркен” стадионында Ұлттар лигасының ширек финалдық матчы өтті. Бұл кездесуде Дания құрамасы Португалияны минималды есеппен жеңіп, келесі кезеңге өтті. Матчтағы жалғыз голды Расмус Хойлунд соқты.
Бірінші қауіпті сәт алғашқы таймда орын алды. 26-минутта Кристиан Эриксен Дания құрамасын алға шығаруға мүмкіндік алды – арбитр 11 метрлік айып добын белгіледі. Алайда, Диогу Кошта тамаша сейв жасап, пенальтиді қайтарып, Португалияны ойында ұстады.
Матчтағы тең тартыс 79-минутта бұзылды – Расмус Хойлунд өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, Португалия қақпасына жеңіс голын соқты.
Ұлттар лигасы. Ширек финал. 21 наурыз
Дания – Португалия – 1:0
Гол: Хойлунд, 79