locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО. Гвардиола Реалдың шабуылына қарсы ойнау қиын болғанын мойындады

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ВИДЕО. Гвардиола Реалдың шабуылына қарсы ойнау қиын болғанын мойындады
ФОТО: Getty images

12 ақпанда Чемпиондар лигасының 1/16 финалындағы ең күтілген матч өтті – “Манчестер Сити” өз алаңында “Реалды” қабылдады.

Ойын тең дәрежеде басталғанымен, 19-минутта алаң иелері есеп ашты. Грилиш айып алаңына әдемі пас беріп, Гвардиол баспен допты сырғытып, ал Холанд дәл соққы жасады. Төреші ВАР-мен ұзақ кеңескенімен, голды есепке алды. 1:0 – бірінші тайм осы есеппен аяқталды.

Екінші таймда ойын қыза түсті. Алдымен Мбаппе таразы басын теңестірді, алайда 80-минутта Холанд пенальтиден мүлт кетпей, “Ситиді” қайта алға шығарды. Алайда ойын соңына қарай “Реал” қорғаныстағы қателіктерді тиімді пайдаланып, 15 минут ішінде есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып әкетті – 3:2! Бұл кездесу нағыз алыптардың текетіресіне лайық деңгейде өтті, дегенмен “қалалықтардың” қорғанысында сұрақтар көп.

Ойыннан кейін “Манчестер Ситидің” бас бапкері Хосеп Гвардиола “Реалдың” шабуылына қарсы ойнау оңай болмағанын атап өтті. Назарларыңызға оның толық матчтан кейінгі пікірін ұсынамыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie