Ман Сити – Реал Мадрид. Чемпиондар лигасы матчына бастапқы құрамдар
Бүгін Астана уақытымен 01:00-де "Этихад" стадионында Чемпиондар лигасының 1/16 финалының алғашқы ойыны – "Манчестер Сити" мен "Реал" Мадрид арасындағы кездесу басталады.
Екі команданың бас бапкерлері Пеп Гвардиола мен Карло Анчелотти бұл матчқа арналған бастапқы құрамдарын анықтады.
"Манчестер Сити": Эдерсон, Аканджи, Диас, Стоунз, Аке, Гвардиол, Бернардо Силва, Де Брюйне, Савиньо, Холанд, Грилиш.
"Реал" Мадрид: Куртуа; Федерико Вальверде, Чуамени, Рауль Асенсио, Менди; Себальос, Камавинга, Беллингем; Родриго, Мбаппе, Винисиус.
Айта кетейік, қазіргі уақытта "Манчестер Сити" Англия Премьер-лигасында 5-орында, ал "Реал" Ла Лигада көш бастап тұр.
Сондай-ақ, 12 ақпанда Астана уақытымен 01:00-де тағы екі матч өтеді: "Спортинг" Лиссабон – "Боруссия" Дортмунд және "Ювентус" Турин – "ПСВ" Эйндховен.