ВИДЕО. Анчелотти Манчестердегі жеңіс Реалға маңызды басымдық береді деп санайды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
12 ақпанда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде “Манчестер Сити” өз алаңында мадридтік “Реалды” қабылдады.
“Этихадта” өткен матч қонақтардың жеңісімен аяқталды – 3:2. 80-минутқа дейін “Реал” 1:2 есебімен ұтылып жатқанымен, ойын соңында қарқынды шабуылдап, жеңісті жұлып алды. 86-минутта Браим Диас таразы басын теңестірсе, қосымша уақытта Джуд Беллингем жеңіс голын соқты. “Манчестер Сити” сапында Эрлинг Холанд дубль авторы атанды, ал “Реалдың” тағы бір голын Килиан Мбаппе соқты.
Ойыннан кейін мадридтіктердің бас бапкері Карло Анчелотти бұл нәтиже командасына қарымта матч алдында артықшылық беретінін айтты. Назарларыңызға оның матчтан кейінгі пікірін ұсынамыз.