Манчестер Сити - Реал Мадрид. Онлайн көру. LIVE трансляция
11-нен 12 ақпанға қараған түні "Манчестер Сити" мен "Реал" Чемпиондар лигасының 1/16 финалындағы алғашқы ойынын өткізеді.
Кездесу Манчестердегі "Этихад" стадионында өтеді. Бас төреші – француз Клеман Тюрпен. Ойын Астана уақытымен 01:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport арнасы көрсетеді.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Топтық кезеңде "Реал" 15 ұпай жинап, 20:12 доп айырмасымен 11-орын алды. "Манчестер Сити" 11 ұпаймен 22-орында қалып, 18:14 доп айырмасымен плей-оффқа шықты.
Бұл екі команда Чемпиондар лигасы плей-оффында төртінші жыл қатарынан кездескелі отыр. 2022 жылы "Реал" жартылай финалда "Ситиді" жарыстан шығарса, 2023 жылы ағылшын клубы қарымта қайтарып, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Ал 2024 жылы "Реал" ширек финалда қайтадан басым түсті. Биылғы маусымда да бұл жұптың тартысты өтетіні сөзсіз.