locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Гуаль КПЛ-дегі дебюттік хет-тригін қалай жасады

Испаниялық шабуылшы «Ертісті» ойсырата жеңуге шешуші үлес қосты
ФОТО: «Кайрат»
Қазақстан Премьер-Лигасы
18.10.2026, Аяқт.
Кайрат
5
Иртиш Павлодар
0

«Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясындағы кейінге шегерілген матчта павлодарлық «Ертісті» ойсырата жеңді. Алматы клубы 5:0 есебімен жеңіске жетті, ал матчтың басты қаһарманы хет-трик жасаған Марк Гуаль болды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

Испаниялық шабуылшы ҚПЛ-дегі дебюттік хет-тригін жасады. Легионер кездесудің 15, 34 және 74-минуттарында дәл соққыларымен көзге түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Гуаль Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі бірінші тур аясында латвиялық «Ригаға» қарсы сырт алаңдағы матчта гол соққан болатын.

Бір қызығы, 30 жастағы испаниялық футболшының өмірбаяны өзгеше. Гуаль бала кезінде «Барселона» академиясында жаттыққан, ал 2020 жылы мадридтік алпауыттың резервтік командасы — «Реал Мадрид Кастилья» сапында өнер көрсеткен.

Гуальдың үлкен футболдағы жолы туралы толығырақ Sports24.kz материалынан оқи аласыз.

Испаниялық футболшының «Ертіс» қақпасына соққан хет-тригінің видеосын төменнен көре аласыз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie