Вальверде Реал сапында мерейтойлы ойынын өткізді
Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Кеше түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Реал" мен "Атлетико" (2:1) командалары кездесті. Аталған ойында уругвайлық әмбебап ойыншы Федерико Вальверде "Реал" сапындағы 300-ші матчын өткізді.
Федерико "Реал" сапында 2016 жылдан бері ойнап келеді. Сол жылы мадридтік клуб ойыншыны "Пеньяроль" клубынан сатып алған болатын.
Осы уақыт аралығында "Реал" үшін 300 матчқа қатысып үлгерген 26 жастағы ойыншы 29 гол соғып, 30 голдық пас берген. Сондай-ақ клубпен бірге 14 трофей жеңіп алған.
Айта кетейік, "Реал" мен "Атлетико" арасындағы қарымта матч 12 наурызда өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз: Кошиценің спорт директоры Ғалымжан Кенжебектің бейімделуі туралы айтты