Реалдың мүмкіндігі жоқ па? Мадридтің Чемпиондар лигасындағы қызықты теріс статистикасы
Кеше Чемпиондар лигасының 2024/2025 жылғы 1/8 финалындағы "Реал" мен "Атлетико" арасындағы текетірестің алғашқы кездесуі өтті.
Мадридтік дерби 2:1 есебімен “Реалдың” пайдасына шешілді. Бір қызығы, “галактикос” “Сантьяго Бернабеуде өткен” бірінші ойында 1 гол айырмашылығымен жеңіске жеткеннен кейін Чемпиондар лигасының плей-оффында келесі кезеңіне бір-ақ рет өткен. Бұған дейін мұндай бес жағдай болды - 1995/1996, 2002/2003 және 2004/2005 маусымдарында туриндік “Ювентусқа” қарсы үш рет және 2006/2007 және 2013/2014 маусымдарында мюнхендік “Баварияға” қарсы екі рет. Соңғы ретте ғана “Реал Мадрид” келесі кезеңге өте алды.
Анчелотти командасы Чемпиондар лигасының ширек финалына шыға ала ма, жоқ па, оны 13 наурызда “Метрополитанода” өтетін ойында білеміз.
Бұған дейін біз “Атлетико” командасының келесі кезеңіне өтетініне толық сенімді екенін хабарлаған болатынбыз.