locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Максималды сенімділік. Атлетико Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтетініне сенімді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Максималды сенімділік. Атлетико Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтетініне сенімді
ФОТО: Getty Images

Наурыздың 5-іне қараған түні Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы мадридтік дербидің алғашқы ойыны өтіп, онда “Реал” өз алаңында көршілерін 2:1 есебімен ұтты.

“Атлетико” есепке қарамастан, ойын жағынан қарсыластарынан кем түспеді. Жауапты ойынға қарап, Симеоне шәкірттері “Метрополитанода” жеңіске жететініне сенімді. Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, киім ауыстыратын бөлмеде ойыншылар өткен жылғы 1/8 финалдық матчтарды еске түсіреді. Ол кезде “Атлетико” бірінші сырт алаңда миландық “Интерден” минималды 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ал қарымта ойында мадридтік команда матч соңында соңында есепті теңестіріп, пенальтиде жеңіске жеткен болатын.

Негізгі ойыншылар Хулиан Альварес, Маркос Льоренте және Клеман Лангле де өз алаңындағы ойынды асыға күтетіндерін және нәтижені өзгертуге тырысатындарын айтты. Бапкерлер құрамы мен жанкүйерлер де ширек финалға шығатындарына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, қарымта кездесу 13 наурыз күні Қазақстан уақыты бойынша сағат 1:00-де басталады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie