ФОТО: Браимның голы оффсайдтан соғылды ма? Әлеуметтік желілердегі қызу талқыға салынды
"Реал" мен "Атлетико" арасындағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының алғашқы кездесуінде (2:1) мадридтік клубтың екінші голы әлеуметтік желілерде қызу талқылануда.
Жанкүйерлер Браим соққы жасаған сәтте Винисиустың Ян Облактің дәл алдында тұрғанына назар аударды. Олардың пікірінше, бұл "Атлетико" қақпашысының допқа дер кезінде әрекет етуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Сондай-ақ жанкүйерлер өткен маусымдағы жағдайды еске алды: Ла Лигадағы матчта Савичтің голы офсайд ережесінің бұзылуына байланысты есепке алынбаған еді. Себебі Сауль "Реал" қақпашысы Андрей Луниннің көру аймағын жапқан. Ол кезде бұл шешімді Испанияның Корольдік футбол федерациясы (RFEF) ресми түрде түсіндірген болатын.

Бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай ресми түсініктеме берілген жоқ.
Қарымта матч 11 наурызда "Метрополитанода" өтеді.