locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Вальверде Ла Лигадағы мерейтойлы матчын өткізді

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Вальверде Ла Лигадағы мерейтойлы матчын өткізді
Фото: gettyimages

Уругвай ұлттық құрамасы мен испаниялық "Реал Мадрид" клубының жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде "Реал" жейдесінде Ла Лигадағы 200-ші матчын өткізді.

Жартылай қорғаушының мерейтойлы матчы Испания чемпионатының 28-тур аясында өткен "Райо Вальеканоға" (2:1) қарсы матчта өтті.

Испания чемпионатында өткізген 200 матчында Федерико 19 гол соғып, 21 голдық пас берген.

Федерико "Реал" сапында 2016 жылдан бері ойнап келеді. Сол жылы мадридтік клуб ойыншыны "Пеньяроль" клубынан сатып алған болатын.

Уругвайлық футболшы осыдан төрт күн бұрын "Реал" сапындағы 300-ші матчын өткізген болатын.

26 жастағы жартылай қорғаушы осы маусымда клуб сапында барлық турнирлерде 41 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 6 голдық пас берген.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie