Реал Атлетиконың сыйлығын пайдаланып, Барселонамен ұпай саны бойынша теңесті
Испания Ла Лигасының 27-ші туры аяқталды, онда мадридтік “Реал” “Сантьяго Бернабеуде” “Райо Вальеканоны” қабылдады.
Матчтың нәтижесі бірінші таймның соңғы үштен бір бөлігінде шешілді. 30-минутта Мбаппе есеп ашса, небәрі 4 минут өткенде Винисиус Жуниор есепті еселеді. Ал қосымша уақытта Педро Диас күшті соққымен қақпа маңдайшасына тигізіп бір голды кері қайтарды.
Осылайша, “бланкос” Примерада тағы 3 ұпай жинап, “Барселонамен” теңесті (57). Бірақ каталондықтардың артық ойыны бар. Еске салайық, кешегі “Осасунаға” қарсы ойын команданың бірінші дәрігері Карлес Миньярро Гарсияның қайтыс болуына байланысты өтпей қалған болатын.
Ла Лига. 27-ші тур. 9 наурыз
Реал Мадрид - Райо Вальекано - 2:1
Голдар: Мбаппе, 30, Винисиус, 34 - Диас, 45+2.
