Атлетикоға қарсы ойнай ала ма? Винисиус, Родриго және Беллингем Райоға қарсы матчта жарақат алды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images
9 наурызда Испания Ла Лигасының 27-ші турындағы “Реал Мадрид” пен “Райо Вальекано” (2:1) арасындағы ойын өтті.
The Athletic басылымының хабарлауынша, “Реалдың” үш негізгі шабуыл шебіндегі ойыншылары жарақат алып қалды. Винисиус Жуниорға оң саусағының жеңіл жарақаты деген диагнозы қойылды, Джуд Беллингемнің оң жамбасы көгерген және Родригоның сол қолын жарақаттап алған.
Дереккөздің хабарлауынша, команданың бас бапкері Анчелотти жарақаттары ауыр емес және ойыншылар Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы “Атлетикоға” қарсы 13 наурызда өтетін қарымта кездесуге қатыса алады деп есептейді.
Еске салайық, “Бернабеудегі” алғашқы кездесу алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталған болатын.