locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

РЕСМИ. Куртуа мен Рюдигер Райо Вальеканоға қарсы матчқа қатыспайды

Футбол
Наурызбай Қанатұлы
Наурызбай Қанатұлы
Куртуа мен Рюдигер Райо Вальеканоға қарсы матчқа қатыспайды
Фото: gettyimages

Бүгін Испания чемпионатының 27-турында "Реал Мадрид" өз алаңында "Райо Вальеканоны" қабылдайды.

Аталған матчқа мадридтік клубтың екі негізгі құрам ойыншылары қатыспайтын болды. Оның бірі бельгиялық қақпашы Тибо Куртуа. Ал екіншісі германиялық қорғаушы Антонио Рюдигер. Екі футболшы Ла Лиганың 27-турына шақырту алғандар тізіміне енбеді.

32 жастағы қорғаушы тұмауратып қалуына байланысты матч алдындағы командалық жаттығуға қатыспаған болатын. Осыған байланысты "Реал" "Атлетикоға" қарсы қарымта матч қарсаңында қорғаушыға демалыс беруді ұйғарған.

Сондай-ақ, бүгінгі матчқа жартылай қорғаушы Федерико Вальверде да қатыспауы мүмкін. Анчелотти ойыншыларға "Атлетикомен" өтетін матч қарсаңында демалыс беруді жөн санайды.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының аясында өтетін "Атлетико" мен "Реал" арасындағы матч 12 наурызда өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie